Помпео Американың Иранға қарсы санкцияларды күшейтетінін мәлімдеді
Там 06, 2018 10:41 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларын күшейтетінін мәлімдеді.
The Washington Post газетінің хабарлауынша, Майк Помпео жексенбі күні Оңтүстік-Шығыс Азия елдері одағы (ASEAN) СІМ-лерінің Сингапурде өткен саммитінен қайтар жолда тілшілерге берген сұхбатында: "АҚШ Иранға қарсы санкциялардың жаңа легін дүйсенбі күні күшіне енгізеді. Бұл біздің Иранға қарсы шараларымыздың бір бөлігі",- деді.
Тегтер