Американың Мемлекеттік департаменті Иранмен "алдын ала шартсыз" кездесу үшін шарт қойды
Там 08, 2018 18:26 Asia/Almaty
Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Трамптың Иранмен ешбір шартсыз сұхбаттасу туралы өтінішіне қарсы келіссөз үшін шарт қойды.
Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Хизер Нойерт тілшілерге берген сұхбатта Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларды қайтарып жатқанына сілтеме жасап, қарама-қайшы сөздерінде: "Америка бұл санкцияларды толық орындауымен қатар жаңа келісімге қол жеткізу үшін талпыныс жасауда" деді. Нойерт Иранның Американың келіссөз өткізу туралы өтінішіне берген кесімді жауабына тоқталмастан: "Американың Иранмен жаңа келісімі тек ядролық бағдарламаны ғана қамтымайды, сонымен қатар зымырандық бағдарламасы мен Иранның аймақтағы құзырына да қатысты болады" деді.
Тегтер