АҚШ-та үш қазақ азаматшасы ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38613-АҚШ_та_үш_қазақ_азаматшасы_ақшаны_жылыстату_айыбымен_тұтқындалды
Қазақстан Республикасының СІМ мәлімдеме жариялап, бұл елдің үш азаматшасының АҚШ-та ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 11, 2018 10:29 Asia/Almaty
  • АҚШ-та үш қазақ азаматшасы ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалды

Қазақстан Республикасының СІМ мәлімдеме жариялап, бұл елдің үш азаматшасының АҚШ-та ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, ҚР СІМ бұл мәлімдемесінде: "Аталмыш іске қатысты алғашқы сот отырысы 2018 жылы тамыздың сегізі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Отырыс барысында 25 адам, соның ішінде үш қазақстандық азаматша алаяқтық іске қатысы болған деп айыпталды",- деді.

Бұл адамдардың сот отырысының келесі кезеңі 2018 жылы қазан айында Нью-Йорк Сотында өткізіледі.

Сот ісіне сәйкес, келтірілген шығын көлемі 4,5 миллион долларды құрайды. Айыпталушылардың заңсыз әрекет жасауға қатысы болғаны дәлелденген жағдайда олар 20-30 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.