АҚШ-та үш қазақ азаматшасы ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалды
Қазақстан Республикасының СІМ мәлімдеме жариялап, бұл елдің үш азаматшасының АҚШ-та ақшаны жылыстату айыбымен тұтқындалғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, ҚР СІМ бұл мәлімдемесінде: "Аталмыш іске қатысты алғашқы сот отырысы 2018 жылы тамыздың сегізі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Отырыс барысында 25 адам, соның ішінде үш қазақстандық азаматша алаяқтық іске қатысы болған деп айыпталды",- деді.
Бұл адамдардың сот отырысының келесі кезеңі 2018 жылы қазан айында Нью-Йорк Сотында өткізіледі.
Сот ісіне сәйкес, келтірілген шығын көлемі 4,5 миллион долларды құрайды. Айыпталушылардың заңсыз әрекет жасауға қатысы болғаны дәлелденген жағдайда олар 20-30 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.