АҚШ ОББ басшысының тұтқындарды азаптауды бақылағаны туралы жаңа құжаттар жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38627-АҚШ_ОББ_басшысының_тұтқындарды_азаптауды_бақылағаны_туралы_жаңа_құжаттар_жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік мұрағатының ресми тобы жұма күні жариялаған мәлімдемесінде: "Жаңа құжаттар АҚШ ОББ-ның жаңа басшысы Джина Хаспелдің тұтқындардың физикалық тұрғыдан азапталуын, соның ішінде әл-Каида күдіктілерін жасанды түрде суға батыруды бақылағанын көрсетеді",-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 11, 2018 17:18 Asia/Almaty
  • АҚШ ОББ басшысының тұтқындарды азаптауды бақылағаны туралы жаңа құжаттар жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік мұрағатының ресми тобы жұма күні жариялаған мәлімдемесінде: "Жаңа құжаттар АҚШ ОББ-ның жаңа басшысы Джина Хаспелдің тұтқындардың физикалық тұрғыдан азапталуын, соның ішінде әл-Каида күдіктілерін жасанды түрде суға батыруды бақылағанын көрсетеді",-деп хабарлады.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлттық қауіпсіздік мұрағатының ресми тобы, сондай-ақ: "Жуырда классификацияланудан шығарылған құжаттарда Джина Хаспелдің 2002 жылы ОББ-ның Таиландтағы жасырын түрмесінің бір базасының бастығы болғаны айтылған",-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, 2013 жылы тұтқындардың жасырын базада тіпті АҚШ-тың ішкі заңдарына қайшы тәсілдермен азапталғанын көрсететін құжаттар жарияланған.