Мариям Мирзаханидің туған күні "Әйелдердің математикадағы халықаралық күні" аталды
Халықаралық математика одағы Иранның Математика қауымдастығының Әйелдер комитетінің ұсынысымен мамырдың үшін "Әйелдердің математикадағы халықаралық күні" деп атады.
Иранның Математика қауымдастығының Әйелдері ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Можган Махмуди ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Бұл комитеттің Халықаралық математика одағына "Әйелдердің математикадағы халықаралық күнін" бекіту туралы жасаған ұсынысы шілденің отыз бірі күнгі жалпы отырыста қабылданды",- деді.
Ирандық математик, Стэнфорд университетінің профессоры Мариям Мирзахани 2014 жылы "Риман бетінің динамикасы мен геометриясы және оның модульдері кеңістігінің теориясы" жөніндегі зерттеулері үшін математика саласындағы ең жоғары сыйлық Филдс сыйлығының лауреаты атанды. Иран мен бүкіл әлемге тиесілі математик қатерлі ісік ауруымен төрт жылдық күрестен кейін 2017 жылы дүниеден озды.