Ирандық таэквондист 2018 жылғы Азия ойындарында алтын медаль алды
Иранның таэквондо бойынша құрама командасының ауыр салмақта өнер көрсететін спортшысы 2018 жылы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медальға қол жеткізді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 18-ші Азия ойындарында таэвконда бойынша жарыстың үшінші күнінің соңында 80 килограммнан жоғары салмақта Иранның намысын қорғаған таэквондист Саид Раджаби финалда жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Ауыр салмақта өнер көрсеткен ирандық таэквондист өзбекстандық Дмитрий Щукинмен бәсекеге түсіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарына қатысып жатқан Иранның құрама командасы 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға қол жеткізген. Иран жалпы командалық есеп бойынша бесінші орында тұр.
2018 жылғы Азия ойындарына Иранның 280 ер адам және 98 әйелден құралған құрама командасы қатысуда. Иранның өкілдері 42 спорт түрі бойынша өнер көрсетуде.
2018 жылғы Азия ойындарының он сегізінші кезеңі тамыздың он сегізінен бастап Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында басталып, қыркүйектің екісіне дейін жалғасады. Бұл жарысқа 45 Азия елінен келген 11 000-нан астам спортшы қатысуда.