Путин НАТО-ға ескерту жасады
(last modified Thu, 23 Aug 2018 11:59:31 GMT )
Там 23, 2018 17:59 Asia/Almaty
  • Путин НАТО-ға ескерту жасады

РФ Президенті НАТО-ның кеңейіп бара жатқанына қатысты ескерту жасап, Мәскеудің НАТО инфрақұрылымдарының Ресейдің шекараларына жақын жерде орналасуына тиісті жауап беретінін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында Финляндия Президенті Саули Ниинистемен өткізген бірлескен баспасөз конференциясында: «Өз күштерін НАТО‑ға қарай жылжытып жатқан Ресей емес, керісінше, НАТО мүшелері.

НАТО Ресейдің шекараларына жақын маңда ауқымды әскери жаттығулар өткізуге дайындалып жатыр. Мәскеу бұл ұйымның әрекеттерін жіті бақылап, өзінің әскери құрал-жабдықтарын арттыруда. Егер АҚШ‑тың зымырандық кешені Ресейдің шекараларына жақын жерге орналасатын болса, Кремль бұған міндетті түрде жауап береді»,‑деді.

 

 

Тегтер