Иран Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында ушудан екінші алтын медаль алды
Джакартада өтіп жатқан Азия 2018 ойындарының жалғасында бүгін, бейсенбі күні Иранның 70 кг салмақтағы ушушысы Мохсен Мохаммадсейфи қытайлық Ши Жануиді 2:0 есебімен жеңіп, Иран үшін ушудан екінші алтын алды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммадсейфи Лаос, Қазақстан мен Оңтүстік Кореядан келген бәсекелестерін жеңіп, осы сайыстың финалына жеткен болатын.
Иранның 60 кг салмақтағы ушушысы Эрфан Ахангяр бүгін Азия‑2018 ойындарында ушудан бірінші алтынға қол жеткізді.
65 кг салмақта Форуд Зафари күміс жүлде алды. Әйелдер арасында 50 кг салмақта Шахрбану Мансуриан мен 60 кг салмақтағы Элахе Мансуриан қытайлық бәсекелестерін жеңіп, күміс жүлдеге ие болды.
Иранның спортшылар командасы осы уақытқа дейін 9 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль алып, жалпы 22 медальмен Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарындағы командалық есепте төртінші орында тұр.