Америкалық институт: Солтүстік Корея өзінің зымырандық нысанын бұзуды тоқтатты
(last modified Thu, 23 Aug 2018 12:30:21 GMT )
Там 23, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • Америкалық институт: Солтүстік Корея өзінің зымырандық нысанын бұзуды тоқтатты

АҚШ-тың «38 North» институты: «16 тамызда «Сухое» жерсерік ұшыру стансасының спутниктік суреттері көрсеткендей, осы нысанның зымырандарды сынау орталығында немесе оны ұшыру платформасында үшінші тамыздан бүгінге дейін нысанның жұмысын тоқтатуға бағытталған айтарлықтай іс атқарылмады» деп хабарлады.

Америкалық институттың мәлімдеуінше, Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтар өткізу нысанын бұзу амалдарында шілде айында ілгерілеушілік болған. Алайда, жиналған бөлшектер нысанның ауласына үйілген.  

АҚХА дүйсенбі күнгі есебінде Солтүстік Кореяның ядролық жұмыстарын тоқтатқанын білдіретін ешқандай айғақтардың жоқ екендігін хабарлады.