Заң бұзушылықпен күресу үшін әлемге жаңа құқықтық құрылымдар қажет
Там 25, 2018 14:21 Asia/Almaty
Иранның Әділет министрі жұма күні Қырғызстанда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Әділет министрлерінің алтыншы саммитінде: "Халықарылық қауымдастық біржақтылық, лаңкестік, әсірешілдік секілді бұрын-соңды болмаған көптеген қиындықтар мен аймақ деңгейіндегі халықаралық құқықтық ұйымдар мен келісімдер рөлінің бәсеңдеуі секілді мәселелермен бетпе-бет келіп отыр",- деді.
Сейіт Әлиреза Аваи кейбір үкіметтердің БҰҰ-на мүше елдерге қарсы санкция салу түріндегі біржақты әрекеттеріне сілтеме жасап: "Бұл санкциялар мен олардың салдары әйелдер мен балалардың білім алу, емделу және қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу секілді алғашқы қажеттіліктер саналатын құқықтарын бұзуда",- деді.
Тегтер