Ирандық спортшы әлем бойынша мүгедектер арбашасындағы ең мықты баскетболист атанды
Иранның мүгедектер арбашасындағы баскетбол командасының мүшесі Амир Хади Азхар Германияда өткен мүгедектер арбашасындағы әлемдік баскетбол жарысының ең үздік ойыншысы атанды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германияның Гамбург қаласында өткен мүгедектер арбашасындағы әлемдік баскетбол жарысы жексенбі күні Ұлыбритания командасының бірінші, АҚШ командасының екінші орын алуымен аяқталды.
Иранның мүгедектер арбашасындағы баскетбол командасы осы жарыста Испания командасынан кейін төртінші орын алып, 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды.
Жарыстың соңында оған қатысқан 14 команданың ішінен Иран, Испания, Ұлыбритания мен АҚШ командалары 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды.