Никки Хейли мен Брайан Хук Иранға қарсы бос сөздерін қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38820-Никки_Хейли_мен_Брайан_Хук_Иранға_қарсы_бос_сөздерін_қайталады
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли сейсенбі күні "Демократияларды қорғайтын штаб" деген Иранға қарсы лоббидің отырысында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жаман келісім деп атап: "Бұл халықаралық келісімнен Ираннан басқа ешбір мемлекет пайда көрмейді",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 29, 2018 08:33 Asia/Almaty
  • Никки Хейли мен Брайан Хук Иранға қарсы бос сөздерін қайталады

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли сейсенбі күні "Демократияларды қорғайтын штаб" деген Иранға қарсы лоббидің отырысында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жаман келісім деп атап: "Бұл халықаралық келісімнен Ираннан басқа ешбір мемлекет пайда көрмейді",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Хейли бұл отырыста ИИР-на қарсы сөзінде Иранды лаңкестікті қолдаушы ел деп айыптап, Иранды Таяу Шығыстағы проблема де атады.

АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қатысты топтың басшысы Брайан Хук те аталмыш отырыста Никки Хейлидің бос уәждерін қайталап: "АҚШ Иранға қарсы қатаң қысымдарын бастады. Сол себепті барлық мемлекеттерден, әсіресе еуропалықтардан Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдаудың орнына Теһранға қарсы қысымдарды күшейту сұралады",- деді.