АҚШ Қорғаныс министрі Иранға қарсы арсыз уәж айтты
Бұл күндері АҚШ басшылары аймақта "психологиялық-насихаттық соғыс" пен "әскери қоқан-лоққы" сияқты екі қастандықты тұспа-тұс ойластырып жатқандай көрінеді.
Осы салада АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ауғанстанға жасаған сапары кезінде Иранға қарсы арсыз сөзінде: "Біз Иранға Сирия мен Йемендегі әрекеттері мен хусилерді қолдауына қатысты ескерту жасадық. Иран аймақтағы "жаман" әрекеттері үшін жауапқа тартылады",- деген уәж айтты.
АҚШ Қорғаныс министрі Сирия мен Ирактағы лаңкестерді жеңуге шынайы көмек көрсеткен Иранды араласты деп айыптап, бұл елдің әрекеттерін "жаман" деп атады. Негізінде, АҚШ-тың Иранның заңды үкіметін құлдатуды көздеген 28-ші мордад төңкерісінен бергі араласушылықтары, сондай-ақ, Иранға қарсы соғыста Саддамның қылмыскер режимін қолдауы, Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын құлатуы мен өткен 40 жылдағы дұшпандығымен қара іс қағазға ие.
АҚШ басшылары өз тарихын ұмытып, Иранды айыптап, шындықты өзгеруге талпынуда. АҚШ басшылары Иранды айыптаудың орнына көптеген сұрақтарға, соның ішінде Ауғанстан мен Иракқа қарсы әскери араласушылықтарына, ондағы мақсаттарына, сондай-ақ, Сириядағы өзгерістердің неліктен жаңа дағдарыстарға тірелгені туралы сұрақтарға жауап беруі керек.
АҚШ аймақтағы әскери араласушылықтарымен Парсы шығанағының қауіпсіздігіне көп зардап келтірді. АҚШ тек Сауд Арабиясы мен аймақтың басқа араб елдеріне қару сату туралы ойлауда. АҚШ әрқашан жағдайды теріс пайдалануға талпынады. Аймақ соғыс пен лаңкестікке тірелген қазіргі жағдайда АҚШ бұл мәселені аймақта жанжал тудырып, Ираннан үркіту үшін пайдалануда. Мэттистің уәждері оның бұрмалау жобасын қолданып, шындықты өзгерткісі келетінін көрсетті. АҚШ аймақ елдері бетпе-бет келіп отырған соғыстар мен лаңкестік пен экстремизмге жауапты. Бұл соғыстар мен лаңкестік бірнеше жылдан бері АҚШ пен Ұлыбританияның араласуымен дайындалған болатын. АҚШ басшылары басқаларды айыптап, өз әрекеттерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті көздейді деп көрсетуде. Негізінде барлық қылмыстары, араласушылықтары мен соғыстары, сондай-ақ халықаралық келісімдерді бұзып, заңсыз санкция салғаны үшін АҚШ-ты соттау қажет.