Иран 2018-ші жылы әлем бойынша ғылыми өндіріс тұрғысынан 16 орында
https://parstoday.ir/kz/news/world-i38869-Иран_2018_ші_жылы_әлем_бойынша_ғылыми_өндіріс_тұрғысынан_16_орында
Иранның Денсаулық министрінің зерттеу және технология жөніндегі орынбасары Реза Малекзаде Иранның 2030-шы жылға дейін жоспарлаған 17 мақсаты бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 02, 2018 16:41 Asia/Almaty
  • Иран 2018-ші жылы әлем бойынша ғылыми өндіріс тұрғысынан 16 орында

Иранның Денсаулық министрінің зерттеу және технология жөніндегі орынбасары Реза Малекзаде Иранның 2030-шы жылға дейін жоспарлаған 17 мақсаты бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Иранның Денсаулық министрінің орынбасары сондай-ақ, елінің ғылыми дамуын жақсы деп бағалап, аймақ бойынша ғылыми өндіріс  тұрғысынан бірінші орынға ие екендігіне тоқталып: "Бүгінде ғылыми мақалалар мен құжаттар тұрғысынан ирандық өнім ислам елдері арасында бірінші орынға ие. 2017-ші жылдың бірінші алты айында әлем бойынша 16-шы орында орналасты. Ғылыми өндіріс саласында Иранның денсаулық министрлігінің үлесі шамамен 30 пайызды құрайды",- деді.