Иранның волейбол командасы әлем чемпионатында Болгария командасын жеңді
Қыр 14, 2018 16:40 Asia/Almaty
Иранның волейбол командасы Пуэрто-Рико командасын 3:0 есебімен жеңгеннен кейін бейсенбі күні кешке Варнада Болгария командасымен ойнап, бірінші, екінші және төртінші сетте 25:22, 25:20 және 25:19 есебімен басым түсті.
Иранның волейбол командасы 2 жеңіспен 6 ұпай жинап, волейболдан әлем чемпионатында D тобында көш бастап келеді.
Волейболдан әлем чемпионаты 9 қыркүйекте Италия мен Болгарияда 24 команданың қатысуымен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тегтер