Ресей: Иранның мұнай экспортына санкция салу – бұрыс әрекет
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39029-Ресей_Иранның_мұнай_экспортына_санкция_салу_бұрыс_әрекет
Ресейдің Энергетика министрі АҚШ-тың Иранның мұнай экспортына салған біржақты санкцияларын бұрыс әрі сындарсыз әрекет деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 15, 2018 14:58 Asia/Almaty
  • Ресей: Иранның мұнай экспортына санкция салу – бұрыс әрекет

Ресейдің Энергетика министрі АҚШ-тың Иранның мұнай экспортына салған біржақты санкцияларын бұрыс әрі сындарсыз әрекет деп атады.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак америкалық CNBC арнасына берген сұхбатында: "Санкциялардың салдары жайлы пікір білдіру өте қиын. Себебі, Иранмен өзара әрекеттестік жасап отырған мемлекеттер мен компаниялардың қандай реакция білдіретіні белгісіз. Иран да мұнай өндіруші елдердің бірі саналатын мұнай нарығында жұмыс істеген жақсы. Бұл нарыққа тұрақтылық  сыйлайды",- деп баса айтты.