Волейболдан әлем чемпионатында Иран Кубаны жеңіп, жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39049-Волейболдан_әлем_чемпионатында_Иран_Кубаны_жеңіп_жеңімпаз_атанды
Иранның ұлттық волейбол командасы Болгарияның Варна қаласында жергілікті уақыт бойынша 16:30-да волейболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші кездесуінде Куба командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 16, 2018 13:27 Asia/Almaty

Иранның ұлттық волейбол командасы Болгарияның Варна қаласында жергілікті уақыт бойынша 16:30-да волейболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші кездесуінде Куба командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, алғашқы екі кездесуінде Пуэрто-Рико мен Болгария командаларын жеңген Иран 3 жеңіспен 9 ұпай жинап, D тобында алда келеді.

Иранның ұлттық командасы осы чемпионаттың топтық кезеңінде Пуэрто-Рико, Болгария, Куба, Польша мен Финляндия командаларымен бәсекеге түседі.