Помпео Иранға қарсы негізсіз сөздерін қайталады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы сейсенбі күні Ресей әскери ұшағының Сирияда құлағанына реакция білдіріп, Вашингтонның Сириядағы лаңкестерге ашық және жасырын көмектеріне тоқталмай: "Бұл оқиға Сирия дағдарысын шешетін саяси жолдарды табу қажеттігін қуаттайды",- деген уәж айтты.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео Иранның Сирияда елдің заңды үкіметінің шақыруымен лаңкестермен күресіп жатқаны туралы ештеңе айтпастан: "Иранның Сирияға қару тасымалдауын тоқтату керек. Өйткені, бұл аймақ үшін қатер тудырады",- деді.
15 жолаушысы бар Ресейдің Ил-20 әскери ұшағы Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия облысында Израильдің шабуылы барысында нысанаға алынды.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде әскери ұшақтың құлауы мен ішіндегі адамдардың қаза болуына Израильді жауапты деп атады. Ресей Қорғаныс министрлігі де «Израиль әскери ұшақтары ресейлік ұшақты қалқан ретінде қолданды",- деп мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Мәскеудегі Израильдің елшісін шақыртып, Мәскеудің наразылығын білдірді.