Чехия Президенті Иранға қарсы барлық санкцияның күшін жою қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 22 Sep 2018 15:59:12 GMT )
Қыр 22, 2018 21:59 Asia/Almaty
  • Чехия Президенті Иранға қарсы барлық санкцияның күшін жою қажеттігін қуаттады

Чехия Президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуінде Иранға қарсы барлық санкцияның күшін жою қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жоғары лауазымды делегацияны бастап Германияға барған Чехия Президенті Милош Земан жұма күні Меркельмен кездесіп, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталып: "Еуроодаққа мүше елдер осы саладағы өз шешімдерінде үйлесе әрекет етуі керек",-деді.

Милош Земан Теһранмен сауда ынтымақтастығын дамытуға мүдделі екенін білдіріп: "Көбірек санкция салу бағытында жүру тозаққа қарай қозғалумен бірдей. Барлық санкцияның күшін жою ең жақсы шешім болып табылады",-деді.

АҚШ 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққаннан кейін Иран мен Еуропа осы халықаралық келісімді сақтауға бағытталған келіссөздерді бастады.

Еуропа АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен күресу мақсатында қолдау пакетін ұсынуға міндеттеме алды.

 

Тегтер