Иран cионистік режимнің әрекеттерінен толық хабардар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39180-Иран_cионистік_режимнің_әрекеттерінен_толық_хабардар
БҰҰ Бас ассамбеясындағы Иранның өкілі сионистік режим премьер-министрінің демократияны мазақ қылған өтірікші екенін еске салып, қылмыскер режимнің әрекеттерінен толығымен хабардар екендіктерін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 29, 2018 06:29 Asia/Almaty

БҰҰ Бас ассамбеясындағы Иранның өкілі сионистік режим премьер-министрінің демократияны мазақ қылған өтірікші екенін еске салып, қылмыскер режимнің әрекеттерінен толығымен хабардар екендіктерін мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Фархад Мамдухи сионистік режим премьер-министрінің Иранда ядролық орталықтың табылғаны туралы негізсіз уәждеріне берген жауабында: «Сионистік режим мүмкіндікті пайдаланып, бұрыннан қоғамдық ой-пікірді адастырумен  айналысуда. Бұл режим қоғамдық ой-пікірді жалған хабарларымен бұрамалап, Палестина халқына қарсы адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін жалғастыруда»,- деді.

Мамдухи сионистік режимнің аймақтағы тұрақсыздық пен дағдарыстың факторы екендігіне тоқталып: «Сионистік режим премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың негізсіз уәждері оның өтіріктері мен шындықты бұрмалауға бейімдігін көрсетеді. Ол өтіріктері мен жалған уәждерін өз режимінің зорлық-зомблықтарын жасыру үшін айтады»,- деп қуаттады.