АҚШ заңнан жалтаруда
Халықаралық Әділет соты (Гаага соты) АҚШ-қа қатысты істе ИИР-дың мүддесіне сай уақытша үкім шығарғаннан кейін АҚШ екі ел арасындағы 1955 жылғы достық хаттамасынан шықты.
ИИР осы достық хаттамасы негізінде Халықаралық Әділет сотына АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін біржақты санкциялардың қайтарылғанына байланысты бұл елдің үстінен шағым түсірген болатын. Халықаралық Әділет соты сәрсенбі күні алғашқы қадамда Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген шағымын қарастыруға өкілетті екенін растап, Вашингтонды қорытынды үкім шығарылғанға дейін Иранға салған гуманитарлық және аэронавигациялық шектеулердің күшін жоюға міндеттеді.
Әлемдегі ең жоғарғы соттың бұл шарасы АҚШ-тың біржақты қатынасының әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие емес екенін көрсетті. Дональд Трамп АҚШ-қа Президент болғаннан бері бұл елдің заңнан жалтаруы реакцияшыл үкіметтің күн тәртібіне қойылды.
Халықаралық Әділет соты алғашқы дауысын Иранның мүддесіне бергенде АҚШ үкіметі: "Иран мен АҚШ арасындағы 1955 жылғы достық хаттамасы 39 жыл бұрын күшін жоюы тиіс болған. Енді АҚШ бұл хаттамаға берік емес және одан шығады",-деп хабарлады.
Дональд Трамп басқарған Қауіпсіздік кеңесінің отырысы мен БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысынан кейін Халықаралық Әділет сотының уақытша шешімінің жариялануы АҚШ-тың оқшаулануының жалғасып жатқанымен бірдей. Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысындағы өзінің екінші тәжірибесінде АҚШ-тың оқшау қалғанын көрумен қоса, әлем елдері басшыларының келекесіне ұшырады. Осы үдерістің жалғасында Трамп Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да осы кеңеске мүше 15 елдің 14-нің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорғағанын көргенде отырыстан шығып кетті. Қазір де Халықаралық Әділет соты АҚШ-қа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзып, Иранға халқына санкция салуды тоқтатуға бұйрық берді.
Бұл ақиқаттың ИИР-ның жағында екенін көрсетеді. Иран халықаралық құқықтық орталарда да АҚШ-ты тағы жеңді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Хешматулла Фалахатпише: "Халықаралық Әділет сотының Иран тарапынан АҚШ-тың үстінен түсірілген шағымды қарастыруға өкілетті екенін жариялауы АҚШ-тың күш-жігерін мұқалту дегенді білдіреді. Халықаралық деңгейде мұны Иранның пайдасына бағалауға болады",-деді.
Соңғы күндердегі шаралардың жиынтығы мынаны көрсетеді: Трамптың әлемдік деңгейдегі заң бұзуы мен біржақтылығын жақтайтын ешкім жоқ. АҚШ-тың зорлық-зомбылығымен күресу үшін әлем бойынша ұжымдасқан әріптестік қажет. АҚШ-тың Халықаралық Әділет сотының уақытша шешімімен қарсыласуы, басқа елдерге Иранмен әріптестік жасамауға бұйыруы, санкциялар салып, халықаралық келісімдерден, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы БҰҰ жарғысын ашық түрде бұзу болып табылады.
Қалай болғанда да, Халықаралық Әділет сотының бастапқы шешімі жарияланғаннан кейін АҚШ-тың 1955 жылғы достық хаттамасына берік емес екенін қуаттауы біржақты негізде уағда бұзып, әлемдік қауымдастық растаған тағы бір келісімнен шығу болып табылады.