НАТО Бас хатшысының алдамшы тәсілі – өз кінәсін Иранға таңуы
(last modified Fri, 05 Oct 2018 16:04:19 GMT )
Қаз 05, 2018 22:04 Asia/Almaty
  • НАТО Бас хатшысының алдамшы тәсілі – өз кінәсін Иранға таңуы

Батыс елдерінің Батыс Азия аймағындағы өзгерістерге қатысты екіұшты көзқарасы шындықтарды өзгерте қоймайды. ИИР ықпалды мемлекет ретінде бұрынғыдай өзінің оң рөлін жалғастыра береді.

Батыс елдерінің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Батыс Азия аймағында Ираннан үркіту саясатын жүзеге асыру тың тақырып емес. Бұл – Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың осы аймақта құрал ретінде пайдаланып жатқан саясат.

Иранның аймақтағы бүлдіргі рөлі жайлы сөз қозғау түп-тамыры Батыс елдерінің басқа мемлекеттермен қатынасындағы екіұшты саясатында жатқан қазіргі таңдағы шындықтарға көзжұмбайлық таныту болып табылады. Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының (НАТО) Бас хатшысы Йенс Столтенберг сәрсенбі күні: "НАТО елдері Иранның аймақтағы тұрақсыздық тудырушы әрекеттеріне қатысты алаңдап отыр. Сондықтан осы мәселемен күресу мақсатында барлау саласы бойынша ынтымақтастық жасалуда» деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми НАТО бас хатшысының уәжіне білдірген реакциясында: "НАТО бас хатшысының сөзіне қайшы, Иранның Парсы шығанағы және Таяу Шығыс аймағындағы тұрақтылық орнатудағы сындарлы рөлі халықаралық қауымдастықтың басым бөлігі тарапынан мойындалып отыр. Егер Иран күшін аямастан лаңкестік топтармен күреспегенде, бүгінде көптеген Еуропа елдері мен қалаларында  қауіпсіздік орнамас еді",- деді.

ИИР-ның стратегиялық Батыс Азия аймағында сындарлы рөлге ие екендігі шүбәсіз. Бұл маңызды жайт аймақтық және әлемдік теңгерімдегі үстем  еріктен тысқары.

Лаңкестіктің құрбаны Иран осы сұрқия құбылыспен күрестің алдыңғы шебінде орналасқан. ДАИШ-тың Иракта жеңіліске ұшырауы мен Сириядағы лаңкестер билігінің аяқталуы Иранның Ирак пен Сирияның заңды үкіметтерімен әсерлі ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асырылды. Иранның лаңкестікпен күрестегі айқын саясаты аймақты тұрақтылық пен тұрақты қауіпсіздік бағытына салуымен қатар, еуропалық мемлекеттердің астаналары үшін де қауіпсіздік сыйлады.

Батыс елдерінің лаңкестікпен күрестегі екіұшты әдісінің шарықтау шегі Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ахвазда орын алған лаңкестік шабуыл барысында байқалып, Батыс елдері ақпарат құралдарының басым бөлігі Ахваздағы қылмысты лаңкестік шабуыл деп атаудан бас тартқан болатын. Бұл шабуыл Батыс елдерінің шынайы болмысын әшкерелеп, Батыс елдерінің мүдделері басым болған жерде олардың шындықтарға көз жұматынын көрсетті. Сауд Арабиясы үнемі лаңкестерге қаржылай көмек көрсетіп отыратын елдердің қатарына жатқанымен саудиялық мұнайдан түскен доллардың Батыс елдері үшін пайдалы болуына байланысты бұл ел Батыс елдерінің, атап айтқанда АҚШ-тың қамқорлығына ие болып отыр.

Көптеген сарапшылар мен ақпарат құралдарының пікіріне сәйкес, Сауд Арабиясы лаңкестікке қолдау көрсетуде. Парсы шығанағы жағалауында орналасқан бұл араб елінің мұнайдан түсіп отырған долларлары Батыс Азия мен басқа да аймақтарда зорлық-зомбылықты жүзеге асырып жатыр. Осы салаға байланысты америкалық The Boston Globe газеті жуырда Вашингтонның лаңкестікке қатысты екіұшты саясатын сынға алып: "Бірде бір мемлекет Сауд Арабиясы секілді лаңкестікке қолдау көрсетпейді",- деп жазды.

Саяси белсенді, әлеуметтік мәселелер жөніндегі сыншы және атақты америкалық лингвист Ноам Чомский: "Ваххабилік ағымды құру саудиялық басшылардың ойында үстемдік орнатқан әсірешіл идеяның салдары. Сауд Арабиясы режимі әртүрлі мемлекеттерде аса қауіпті саналатын ваххабилік мектептер ашу үшін қыруар қаржы жұмсап жатыр",- деді.

Бұл – Батыс Азия аймағындағы қазіргі шындық. Шындық НАТО бас хатшысының уәждері арқылы өзгеріске ұшырамайды. ИИР бейбітшілікті талап етуші ел ретінде стратегиялық Батыс Азия аймағы мен әлемде сындарлы және жауапты рөл атқарып отыр.

 

 

Тегтер