АҚШ-тың соттарында қара нәсілділердің өліміне қатысты істер оң нәтижеге жетпейді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39286-АҚШ_тың_соттарында_қара_нәсілділердің_өліміне_қатысты_істер_оң_нәтижеге_жетпейді
"Нью-Йоркте Таймс" газеті АҚШ соттарында қара нәсілділердің өлтірілгеніне қатысты істерге үкім шығаруда кемсітушілік қатынас жасалатынын жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2018 18:38 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың соттарында қара нәсілділердің өліміне қатысты істер оң нәтижеге жетпейді

"Нью-Йоркте Таймс" газеті АҚШ соттарында қара нәсілділердің өлтірілгеніне қатысты істерге үкім шығаруда кемсітушілік қатынас жасалатынын жазды.

"Нью-Йоркте Таймс" газеті бір мақаласында: "АҚШ полиция күштерімен қақтығыста қаза болған 15 қара нәсілдіге қатысты істерде тек 3 полиция қызметкері айыпты деп танылды. Соңғы жылдары полиция күштері тарапынан өлтірілген немесе түрмеде жантәсілім еткен қара нәсілділердің саны артты. 2014-2016 жылдар аралығында орын алған оқиғаларға қатысты 15 маңызды істің сот үдерісін талқылағанда мынадай жайт анықталды: кейбір жағдайларда АҚШ полициясы өздерінің шараларына түсінік берді, бірақ осы оқиғалардың бастапқы видеоларын көрген адамдар олардың әрекеттерін ақтауға болмайды деп санайды",-деді.