Гаага сотында Иранның АҚШ-тың үстінен түсірген екінші шағымы қарастырылуда
Гаага сотында Иранның АҚШ-тың үстінен түсірілген екінші шағымының қарастырылуымен Иран мен АҚШ арасында құқық саласындағы даудың жаңа кезеңі басталды.
Гаага халықаралық соты дүйсенбі күні АҚШ-тың үстінен түскен Иранның Орталық банкінің есеп-шоттарын бұғаттауына қатысты шағымды қарастыратын бірінші отырысты бастады.
Бұл Сот осыдан бір апта бұрын қазанның 3 күнгі отырысында Иранның АҚШ-тың заңсыз санкцияларына қатысты түсірген шағымына: "АҚШ Иранның жолаушы тасымалдайтын әуе рейстеріне шектеу қоятын және ауылшаруашылық өнімдері, дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық тауарларды импорттауға қатысты санкцияларының күшін жойсын",- деп бұйырған болатын.
Енді АҚШ тағы Гаага Сотының алдында өзінің заңсыз әрекеттеріне жауап беруге міндетті. АҚШ үкіметі 1996-шы жылдан бері, яғни АҚШ Конгресі ішкі заңды өзгертіп, лаңкестік әрекеттерден зиян көрген Америка азаматтарына елінің соттарында АҚШ айтатын «лаңкестікті қолдайтын үкіметтер" тізіміне кіретін елдерден шығындарын талап етуге рұқсат берді.
2003-ші жылдың мамыр айының 30 күні Вашингтонның Соты ешбір құқықтық негізсіз 1983-ші жылғы Бейруттегі америкалық әскерилердің орталығында орын алған жарылыс салдарынан өлген 241 әскеридің отбасыларының шағымдарына ИИР-н жауапты деген шешім қабылдады.
2007-ші жылдың қыркүйек айының 7 күні дәл сол Сот "Иран лаңкестік оиғаларда қаза тапқандардың отбасыларының бір мыңнан астам мүшесіне соғыс шығыны ретінде 2,6 миллиард доллар төлеуге міндетті" деген шешім қабылдады.
2016-шы жылдың сәуір айында да АҚШ-тың Жоғары соты заң шығарушы және атқарушы жүйелердің қысымымен Иран халқына тиесілі қаржының шамамен 1,75 миллиард долларын "Петерсон" деген істің шағымданушыларының ықтиярына беру шешімінің күшін жоюдан бас тартты. АҚШ-тың бұл әрекеттері елдер қолсұқпаушылық құқықтарға ие болып отырған жағдайда іске асырылуда. Негізінде, банктер – мемлекеттердің қаржыларының аманатшылары. Сондықтан Иранның есеп-шотын бұғаттаған немесе одан ақша алған банк аманатқа қиянат жасаған саналып, бұл мәселе халықаралық заңдар арқылы қарастырылады.
Теһран Университетінің халықаралық құқық пәнінің ұстазы Юсеф Мулаи: "Иран өз мәселесін дұрыс Сотта баяндап, АҚШ-тан шығындарын қайтаруды талап етуі керек. Мұндай сот тек халықаралық Гаага соты саналады",- деді.
Олай болса, АҚШ Соттың шешіміне төзе алмаса да бұл айыптың қайталануы әлемдік қауымдастықта АҚШ үшін үлкен шығын келтіреді.