Ирандық гандболшы сионистік режимнің командасымен болатын ойыннан бас тартты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39340-Ирандық_гандболшы_сионистік_режимнің_командасымен_болатын_ойыннан_бас_тартты
Бұл кезеңде румыниялық «Steaua Bucureşti» құрамында ойнап жүрген ирандық ұлттық гандбол командасының қақпашысы сионистік режимнің командасымен болатын ойынға шықпады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 10, 2018 12:55 Asia/Almaty
  • Ирандық гандболшы сионистік режимнің командасымен болатын ойыннан бас тартты

Бұл кезеңде румыниялық «Steaua Bucureşti» құрамында ойнап жүрген ирандық ұлттық гандбол командасының қақпашысы сионистік режимнің командасымен болатын ойынға шықпады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мохсен Бабасафари Еуропа кубогі жарыстарында сионистік режиммен ойынға шықпауына қатысты айтқан сөзінде: «Осыдан екі апта бұрын «Steaua Bucureşti» басшыларына сионистік режим командасымен ойынға шықпайтынымды жарияладым. Бухарест командасы жексенбі күні Израильдің «Maccabi» командасымен ойнап, 25:23 есебімен жеңді. Екінші ойын басып алынған жерлерде өтеді. Мен оған да қатыспаймын»,- деді.