Лавров: Голан жоталарының құқықтық мәртебесіне өзгеріс енгізу – БҰҰ-ның қарарын бұзу
(last modified Thu, 11 Oct 2018 12:44:43 GMT )
Қаз 11, 2018 18:44 Asia/Almaty
  • Лавров: Голан жоталарының құқықтық мәртебесіне өзгеріс енгізу – БҰҰ-ның қарарын бұзу

Ресейдің Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Мәскеудің Израильдің Голан жоталарының құқықтық мәртебесіне қандай өзгеріс енгізуіне қарсы екенін баса айтып: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің аясынан тыс аймақтың географиялық жағдайын өзгерту кеңестің қарарларын бұзу саналады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров Голан жоталары құқықтық мәртебесінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларында белгіленгенін еске салды.

Сионистік режимнің Премьер-министрі дүйсенбі күні Сириядан тартып алған Голан жоталарынан ешқашан кері шегінбейтінін баса айтты.

Сириядан тартып алған Голан жоталарына барған Беньямин Нетаньяху: "Әлемдік қауымдастық Израильдің осы аймаққа билік ету құқығын ресми түрде тануы тиіс",-деген уәж айтты.

Сионистік режим 1967 жылы Сирияның Голан жоталарындағы шамамен 1200 шаршы шақырым жерін жаулап алып, біраз өткеннен кейін бұл аймақты басып алған жерлердің қатарына қосты. Халықаралық қауымдастық осы қосылған жерді ешқашан ресми түрде таныған емес.