Йылдырым: АҚШ-тың жалғыз одақтасы – доллар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39399-Йылдырым_АҚШ_тың_жалғыз_одақтасы_доллар
Түркия Парламентінің төрағасы сенбі күні долларды АҚШ-тың әлемдегі жалғыз одақтасы деп атап, қазіргі таңда Вашингтонның осы жалғыз одақтасына жармасып отырғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 14, 2018 11:54 Asia/Almaty
  • Йылдырым: АҚШ-тың жалғыз одақтасы – доллар

Түркия Парламентінің төрағасы сенбі күні долларды АҚШ-тың әлемдегі жалғыз одақтасы деп атап, қазіргі таңда Вашингтонның осы жалғыз одақтасына жармасып отырғанын айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бинали Йылдырым Швейцарияның Женева қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің парламентаралық одағының үйлестіру отырысында АҚШ-тың долларды қару ретінде пайдаланып отырғанын айтты.

АҚШ компаниялар, банктер мен қаржы институттарының долларға тәуелділігін басқаларды өзінің талап-тілектеріне көндіретін құрал ретінде пайдаланып отыр. Бұл әрекет халықаралық ауқымды сынға ұшырады.

Түркия Парламентінің төрағасы, сондай-ақ, Палестина мәселесіне тоқталып: «АҚШ Палестинаға көмек жеткізу жолдарының барлығын жапқанымен, бұл елдің болмысын жоюда қауқарсыз»,-деді.