Сәу 08, 2016 20:46 Asia/Almaty
  • Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі 13- ші сәуірде Женевада өтеді

БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі осы елге қатысты бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңінің 13- ші сәуірде Женевада басталатынын хабарлады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Стэффан де Мистура бейсенбі күні Женевада өткен ақпарат отырысында: «13- ші сәуір күні Сирияда парламенттік сайлаудың өтетіндігіне қарамастан Женева келіссөздері белгіленген уақытта, яғни осы күні басталады. Сириялық қарсыластардың делегаттары сәуірдің 11-12 күндері Женеваға келеді деп күтілуде.

Дамаск делегациясы Женеваға сәуірдің 14-15 күндері келеді, өйткені осы делегацияның 5 мүшесі сайлаудың үміткерлері болып табылады» деді.

Тегтер