Әлем АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен біржақты қатынасына үнсіздік танытпауы керек
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілінің орынбасары Исхақ әл-Хабиби дүйсенбі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын заңсыз және Қауіпсіздік кеңесінің 2231-ші қарарын бұзу деп атап, әлемнің АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен біржақты қатынасына үнсіздік танытпауы керек",- деп қуаттады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Исхақ әл-Хабиб Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін 12 рет растағанына тоқталып: "БҰҰ-ның тарихында АҚШ оның тұрақты әрі вето құқығына ие мүшесі ретінде Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындағаны үшін әлемнің басқа елдерін жазалауда",- деді.
Әл-Хабиб сондай-ақ, сионистік режимнің ядролық қаруларынан туындап отырған қауіп-қатерлерге сілтеме жасап: "Тарихында басқыншылық, мемлекттік лаңкестік пен адамзатқа қарсы қылмыстар сияқты қастандықтар тіркелген режимнің ядролық қаруға ие болуы өте қатерлі әрі аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудырады. Сионистік режимнің арсыздығы бұл режим премьер-министрінің өздерінің ядролық нысанының қасында тұрып, Иранды жоюмен қорқытуға дейін жетті",- деді.