Хошру: Мемлекеттерге қоқан-лоққы жасау - АҚШ-тың сыртқы саясатындағы құрал
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі мемлекеттерге қоқан-лоққы жасауды АҚШ-тың сыртқы саясатының құралына айналғанын, бұл үдеріс салдарының БҰҰ мен оның Жарғысын әлсіретуге соқтыратынын айтты.
Ғоламали Хошру дүйсенбі күні БҰҰ Жарғысы туралы өткен ұйымның Бас ассамблеясының алтыншы комитетінде қҚоқан-лоққы мен зорлық-зомбылыққа тыйым салу БҰҰ-ның ең маңызды жетістіктерінің бірі. Бірақ бұл тыйым салуларға қарамастан кейбір мемлекеттер зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы көрсетіп, халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның Жарғысын бұзып, БҰҰ-ның заңдылығына қауіп төндірді",- деп қосты.
Хошру сонымен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын келіссөздердің сәтті үлгісі деп тауып: "АҚШ-тың теріс рөлі әсіресе бұл елдің қазіргі үкіметінің аталмыш келісімді бұзу немесе АҚШ әрекеттерін қабылдатуға мәжбүрлеу талпыныстары адам құқығын бұзумен тең",- деп баса айтты.