Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасының Бакудегі баспасөз мәлімдемесі
Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрлері Бакуде өткен үш жақты отырыстың маңыздылығын және оның аймақтық әрі халықаралық мәселелер жөнінде мемлекеттердің сұхбаттасуы мен әріптестігін тереңдетудегі рөлін қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, бейсенбі күні Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров және Эльмар Мамедьяровтың Бакуде өткізген үш жақты отырысының соңында жарияланған мәлімдемеде тараптар БҰҰ-ның жарғысы мен халықаралық құқықтың әлем үшін бірдей қағидаларына беріктігін және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қарсы қоқан-лоққылар мен жаңадан пайда болған қиыншылықтармен күресті күшейтудің маңыздылығын қуаттады.
Лаңкестік, әсірешілдік, ұйымдасқан қылмыс және есірткі заттар контрабандасымен күресу үшін әзірлік таныту Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бакудегі үш жақты отырысының баспасөз мәлімдемесінде қуатталған келесі жайттардың қатарын құрады.
Баку саммитінің қорытынды мәлімдемесінде Каспий теңізін бейбітшілік пен достық теңізі ретінде сақтау және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвенциясын дер кезінде қорытындылау мақсатында жан- жақты талпыныстарды жалғастыру қажеттілігі сынды тақырыптар да қамтылған.