Al-Jazeera Стамбұлдағы саудиялық Бас консулдың үйін тінтудің алғашқы нәтижелерін жариялады
Катардың Al-Jazeera телеарнасы сәрсенбі күні кешке Түркия прокуратурасындағы бір дереккөзіне сілтеме жасап: «Стамбұлдағы саудиялық Бас консулдың үйінен табылған медициналық үлгілер Бас консулдықтан табылған үлгілерге сәйкес келеді»,-деп хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Al-Jazeera Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулы Мұхаммад әл-Атибидің үйінен табылған айғақтар оның Сауд режимін сынаған тілші, жазушы Джамал Хашагджиді өлтіру барысынан хабардар болғанын көрсететінін айтты.
Бұл дереккөзі, сондай-ақ, Al-Jazeera-ға Түркияның АҚШ-тан Хашагджи қанының үлгісін Анкара мен ақиқат іздеуші топтың ықтиярына беруді сұрағанын айтты.
Түркияның ақиқат іздеуші тобының Стамбұлдағы саудиялық Бас консулдың үйін тінтуінің нәтижесі әлі толық жарияланған жоқ.
Түркия мен халықаралық қауымдастық саудиялықтарға қатты қысым жасағаннан кейін бұл топ сәрсенбі күні Мұхаммад әл-Атибидің үйіне кірді.