Хошру АҚШ-тың палестиналық балаларға қарсы қылмыстарын жасыра алмайтынын айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39497-Хошру_АҚШ_тың_палестиналық_балаларға_қарсы_қылмыстарын_жасыра_алмайтынын_айтты
БҰҰ-дағы Иранның өкілі АҚШ-тың палестиналық балаларға қарсы қылмыстарын жасыра алмайтынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 20, 2018 07:59 Asia/Almaty
  • Хошру АҚШ-тың палестиналық балаларға қарсы қылмыстарын жасыра алмайтынын айтты

БҰҰ-дағы Иранның өкілі АҚШ-тың палестиналық балаларға қарсы қылмыстарын жасыра алмайтынын айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің Нью-Йорктен хабарлауы бойынша, Ғоламәли Хошру бейсенбі күні Палестина мен Таяу Шығыс мәселелеріне қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысында халықаралық қауымдастықтан АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен сионистік режимнің қылмыстарының палестиналықтардың құқықтарын бұзуға рұқсат етпеуін сұрап: «Палестинаның жағдайы күннен күнге ушығып барады. Палестиналықтардың апталық «Оралу құқығы» шерулерінде ғана осы кезге дейін 200-ден астам адам шәһид болып, 22000-нан астам жараланды. Израиль режимі оларды палестиналық болғаны үшін ғана өлтіруде. Палестиналықтар үшін тіпті өмір сүру құқықтары да қалмаған. Бұл – палестиналықтарға қарсы АҚШ-тың қолдауы және Қауіпсіздік кеңесінің немқұрайдылығымен жалғасып келе жатқан 70 жылдық зұлымдықтың салдары»,- деді.