Сауд Арабиясының Хашагджиді өлтіргенін мойындауы – Помпеоның талабы
Сауд әулетіне қатысты жаңалықтарды әшкерелеуші Моджтахед АҚШ Мемлекеттік хатшысының Сауд Арабиясына жуырдағы сапарында Сауд режимінің Джамал Хашагджиді өлтіргені туралы ресми мәлімдеме жарияланғанын хабарлады.
Mehr ақпарат агенттігінің an-Nashra" сайтына сілтеме жасап, жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Моджтахед Twitter-дегі жеке парақшасында: "Помпео осы сапарда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен кездесіп, Хашагджиді өлтіргенін теріске шығарудың ол үшін өте қатерлі екенін айтып, мұны жарым-жартылай мойындап, осы іске жауапкершілікті барлау саласындағы басқа бір жоғары лауазымды тұлғаға артуы керектігін айтқан",-деп жазды.
Моджтахедтің айтуы бойынша, Бен Салман Сауд Арабиясының барлау саласындағы бір көрнекті тұлғасы Ахмад бен Хасан Асириді құрбан етіп, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Бен Салман арасында Хашагджидің өлтірілуіне қатысты үйлестіру жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.