Боливия Президенті: АҚШ – әлемдік бейбітшіліктің дұшпаны
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39584-Боливия_Президенті_АҚШ_әлемдік_бейбітшіліктің_дұшпаны
Боливия Президенті АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық қаруларға қатысты келісімнен шығуын айыптап, АҚШ-ты әлемдік бейбітшіліктің дұшпаны деп атады
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 24, 2018 18:57 Asia/Almaty
  • Боливия Президенті: АҚШ – әлемдік бейбітшіліктің дұшпаны

Боливия Президенті АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық қаруларға қатысты келісімнен шығуын айыптап, АҚШ-ты әлемдік бейбітшіліктің дұшпаны деп атады

Боливия Президенті Эва Моралес Твиттердегі жазбасында: "Дональд Трамп мындаған мигрантқа тосқауыл жасау үшін Американың әскери күштерін Мексиканың шекарасына аттандыру туралы қоқан-лоққы жасап отыр. Өзі болса орта қашықтықтағы ядролық қаруларға қатысты келісімнен шығатынын жариялады. Сондықтан, АҚШ Президенті –әлемдік бейбітшілік пен адам құқығының дұшпаны. АҚШ Президенті Ресеймен арасындағы орта қашықтықтағы ядролық қаруларға қатысты келісімнен шығатынын жариялауына байланысты көптеген сынмен бетпе-бет келіп отыр",- деді.

Кремль де АҚШ-тың бұл шешімін қатерлі деп атады.

Орта қашықтықтағы ядролық қарулар туралы келісімге 1987-ші жылы АҚШ пен Кеңес Одағының сол кездегі басшылары қол қойған болатын.