Иран мен Ресей медицина саласы бойынша ынтымақтастықтарын кеңейтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39606-Иран_мен_Ресей_медицина_саласы_бойынша_ынтымақтастықтарын_кеңейтеді
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі мен Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның Алматы қаласында кездесіп, екі елдің денсаулық сақтау, емдеу, медициналық білім беру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салалары бойынша ынтымақтастықтарын кеңейтетіндіктерін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 26, 2018 17:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей медицина саласы бойынша ынтымақтастықтарын кеңейтеді

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі мен Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның Алматы қаласында кездесіп, екі елдің денсаулық сақтау, емдеу, медициналық білім беру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салалары бойынша ынтымақтастықтарын кеңейтетіндіктерін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Хасан Ғазизаде Һашеми мен Вероника Скворцова "Алма-Ата декларациясының" 40-шы жылдығына орай өткізілген конференция аясында өткізген кездесуде екі елдің фармацевтика саласын дамыту мәселесіне тоқталып, осы сала бойынша тәжірибе алмасу, дәрі өндірісін арттыру қажеттігі қуатталып, фармацевтика  саласы мен дәрі-дәрмек және вакцина компоненттерін жасап шығару бойынша ынтымақтастықтарын кеңейте алатындықтарын баса айтты.

Вероника Скворцова кездесуде Владимир Путиннің 2019 жылдан бастап Ресейге дәрі-дәрмек импорты деңгейін төмендету туралы бұйрығына тоқталып, Иранның фармацевтика өнеркәсібі мен вакцина шығару саласындағы табысты тәжірибесін көбірек пайдалану қажеттігін мәлімдеді.