Путин Вашингтонның еуропалық серіктестеріне қатаң ескерту жасады
АҚШ президенті Дональд Трамптың өз елін "Орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімінен" (INF) шығару туралы шешімі теріс реакциялардың толқынын қалыптастырды. Трамптың жалпы халықаралық келісімдерден шығу саясаты аясында қабылдаған бұл шешімі халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке тигізетін теріс салдарына байланысты INF келісімінің қарсы тарапы саналатын Ресейдің қатаң реакциясына себеп болды.
"Орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімі" (INF) бойынша екі жаққа Еуропада баллистикалық және қанатты зымырандарды орналастыруға тыйым салынған. АҚШ Ресейді осы келісімді бұзды деген сылтаумен тағы санкция жариялап, тіпті бұл елге әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасады.
Трамп осы мәселеге қатысты шешімін мәлімдегеннен кейінгі алғашқы күндері Ресейдің Сыртқы саясат жөніндегі органы мен кейбір жоғары басшылары ұстаным білдіріп, бұл әрекетті АҚШ-тың біржақты қадамы және әлемдік держава ретіндегі өзінің орнын нығайту мақсатындағы талпынысы деп бағалағанына қарамастан, Ресей президенті Владимир Путин бұрын-соңды болмаған реакция білдіріп, еуропалықтарға ашық ескерту жасады. Путин сәрсенбі күні егер АҚШ-тың жаңа зымырандары Еуропада орналастырылса, Ресейдің де қарымта реакция білдіретінін мәлімдеп, АҚШ-тың зымырандық жүйелерін орналастыруды қабылдаған кез келген еуропалық елдің Ресейдің шабуылына ұшырайтынын айтты.
Путин бұл ұстанымын Ұлыбритания секілді Вашингтонның кейбір серіктестері мен НАТО Бас хатшысының АҚШ-тың INF келісімінен шығу туралы шешімін қолдағанына байланысты білдірді.
Мәскеудің АҚШ-тың бұл келісімінен шығу туралы шешіміне қатысты берік позициясы маңызды бөлімдерінің бірі АҚШ-тың дұшпандарымен, әсіресе Ресеймен ықтималды соғыста қолдану ықтималдығын арттыру мақсатында кішігірім және қуаты төменірек ядролық қару-жарақ шығару және орналастыру болып табылатын АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасына байланысты мағынаға ие. Аталмыш доктринаға сәйкес, АҚШ жаңа ядролық қару-жарақ жасау және маңызды ядролық емес стратегиялық шабуылдарға ядролық қарумен жауап қайтаруды назарға алып отыр.
Осыған байланысты Мәскеудің Вашингтонның әрекетіне қатысты реакциясы мен АҚШ-тың жаңа ядролық зымырандарын Еуропада орналастыруының көкжиегі НАТО басшыларының бұған қатысты бейтарап позиция ұстануына себеп болды. НАТО ұйымының бас хатшысы Йенс Столтенберг: "Ортақ қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімі" жойылған жағдайда Еуропада жаңа ядролық нысандардың орналасуы екіталай",- деді. Оның айтуынша, НАТО біреумен бетпе-бет келуді көздеп отырған жоқ, алайда өзі мен өз одақтастарын қауіп-қатерден қорғауға дайын.
Сонымен қатар, INF келісіміне қатысты Ресей мен АҚШ арасындағы текетірестің артуы өте маңызды әскери оқиғамен қатар келіп отыр. Солтүстік Атлнатикалық келісім ұйымы (НАТО) қазанның жиырма бесі бейсенбі күні Ресейдің Норвегияға ықтималды шабуылымен күресуді мақсат тұтқан Trident Juncture атты «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі ең ірі әскери жаттығуды бастады.
Осылайша, Ресейдің НАТО ұйымымен қарсы келуі Ресейдің АҚШ-пен тәжікелесуі секілді шиеленісе түсті. Қазіргі таңда осы қарсыластыққа бір жаңа мәселе, нақтырақ айтқанда АҚШ-тың жаңа ядролық нысандарын Еуропада ықтималды орналастыру мәселесі де қосылып отыр.