Ұлыбритания үкіметінің Сауд Арабиясымен әріптестікті жалғастырып жатқаны әшкере болды
Ұлыбританияның Guardian газеті бір мақаласында: "Лондонның саудиялық диктатурамен әріптестігі оның масқара болуына соқтырды",-деп жазды.
Guardian газеті өз сайтындағы "Ұлыбритания өз рухын Сауд әулетіне сатты" атты мақаласында: "Саудиялықтардың басқаруымен Йеменде қырып-жою басталғаннан бері Ұлыбритания үкіметі құны 4 млрд 700 мың фунт стерлинг тұратын қару-жарақтың Сауд Арабиясына сатылуына рұқсат берді.
Ұлыбританияның әскери кеңесшісі тіпті саудиялықтардың соғыс палаталарымен әріптестік жасайды. Сауд режимі жүздеген мың фунт стерлингті Ұлыбритания Парламентті өкілдерінің шетелге сапарларына жұмсап, оларға сыйлықтар беруге төледі. Сауд Арабиясы Ұлыбритания мен АҚШ-та жасалған қару-жарақтарды Йемендегі әскери емес адамдарды қырып-жою үшін пайдаланады",-деп жазды.