Иран мен Қазақстан тасымал саласында келісімге қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i39629-Иран_мен_Қазақстан_тасымал_саласында_келісімге_қол_қойды
Иранның Жол және автокөлік тасымалы ұйымының халықаралық транзит және тасымал департаментінің басшысы Қазақстанмен 2019 жылы бір мың транзиттік қатынас орнату туралы келіскендерін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2018 13:30 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан тасымал саласында келісімге қол қойды

Иранның Жол және автокөлік тасымалы ұйымының халықаралық транзит және тасымал департаментінің басшысы Қазақстанмен 2019 жылы бір мың транзиттік қатынас орнату туралы келіскендерін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Реза Нафиси Иран мен Қазақстанның тасымал саласында әріптестікті кеңейту жайлы келіссөз өткізгеніне тоқталып: "Теһран-Астананың келісімі бойынша келесі жылы 500 екіжақты қатынас және 500 транзиттік қатынас жасалады. Қазақстан, сондай-ақ, Иранның солтүстігіндегі Анзали немесе Амир айлақтарынан Ақтау айлағына жол ашу туралы отырысқа қатысуға әзірлігін мәлімдеді",-деді.

Иран мен Қазақстанның жылдық сауда айналымы 400 млн доллардан асады. Екі ел бұл көлемді 2 млрд доллардан асыру үшін талпыныс жасап жатыр.