АҚШ Мемлекеттік хатшысы Данияның Иранға қарсы әрекетін қолдады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Данияның Иранға қарсы әрекетін қолдады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео сейсенбі күні Твиттердегі парақшасында: "Шамамен 40 жыл бойы Еуропа Иран қолдайтын лаңкестік шабуылдардың нысанасына алынып отыр",- деп жазды.
Копенгаген сейсенбі күні кейбір еуропалық мемлекеттердің Иранға қарсы жуырдағы қастандықтарының жалғасында «Иран Данияда лаңкестік әрекетті іске асырғысы келді» деп айыптап, елшісін шақыртты. Копенгаген сондай-ақ, ақылдасу үшін Теһрандағы өз елшісін де шақыртты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Данияның уәждерін дұшпандық деп атап, Ислам республикасының қастандық жобалауы туралы уәжді теріске шығарды. Баһрам Ғасеми бұл уәждерді Иран мен Еуропаның қазіргі қиын-қыстау жағдайдағы жақсы қарым-қатынасына қарсы дұшпандардың қастандықтарының жалғасуы деп атады.