Ресей: С-300 зымырандық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергі жоқ
Ресей премьер-министрінің қорғаныстық істер жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин С-300 зымырандық-қорғаныстық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергінің жоқ екенін айтты.
ИРНА-ның ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Рогозин жұма күні тілшілерге берген сұхбатта: "Иранға С-300 кешенін тапсыруға кедергі болатындай Теһран мен Мәскеу арасында ешқандай мәселе жоқ" деді.
Ол С-300 кешенінің Иранға берілу уақыты туралы сұраққа: "Бұл кешеннің тапсырылуы екі ел арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады" деді.
С-300 зымырандық кешені жерден әуеге атылатын кез келген биіктікте қолдануға болатын әрі бір уақытта 100 нысананы аңду және 12 нысанамен қақтығысу қабілетіне ие ең күшті зымырандардың бірі болып табылады.