Ресей: С-300 зымырандық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергі жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i3985-Ресей_С_300_зымырандық_кешенін_Иранға_тапсыру_үшін_ешқандай_кедергі_жоқ
Ресей премьер-министрінің қорғаныстық істер жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин С-300 зымырандық-қорғаныстық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергінің жоқ екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 09, 2016 12:18 Asia/Almaty
  • Ресей: С-300 зымырандық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергі жоқ

Ресей премьер-министрінің қорғаныстық істер жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин С-300 зымырандық-қорғаныстық кешенін Иранға тапсыру үшін ешқандай кедергінің жоқ екенін айтты.

ИРНА-ның ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Рогозин жұма күні тілшілерге берген сұхбатта: "Иранға С-300 кешенін тапсыруға кедергі болатындай Теһран мен Мәскеу арасында ешқандай мәселе жоқ" деді.

Ол С-300 кешенінің Иранға берілу уақыты туралы сұраққа: "Бұл кешеннің тапсырылуы екі ел арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады" деді.

С-300 зымырандық кешені жерден әуеге атылатын кез келген биіктікте қолдануға болатын әрі бір уақытта 100 нысананы аңду және 12 нысанамен қақтығысу қабілетіне ие ең күшті зымырандардың бірі болып табылады.