Бакуде "Бірлік" деректі фильмі көрсетілді
Әзірбайжанның астанасы Бакуде "Ислам қоғамының бірліктен кенделігі» тақырыбындағы отырыспен тұспа-тұс "Бірлік" деректі фильмі көрсетілді.
Әзірбайжанның діни ұйымдар істері жөніндегі үкіметтік комитеті Бакудегі түрлі мәдениеттердің халықаралық орталығында өткізген отырыста сол елдегі Иран елшілігінің Мәдени кеңесшісі Асғар Фарси сөз сөйлеп: "Ислам әлемінің қазіргі жағдайында біз мұсылмандардың бірлігін нығайтуға талпыныс жасап, қайшылықтарды азайтуымыз керек. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдардың бірі – бірлік тақырыбында фильмдер түсіру",- деді.
"Әли Имран" сүресінің 103-аятының қырағатымен басталған "Бірлік" деректі фильмі ислам елдеріндегі соғыс пен қақтығыстар және мыңдаған босқынның ащы өмірін көрсетіп "Бірлік мүмкін бе?" деген сұраққа жауап беруді көздейді.