Қазақстан даму бойынша әлемде 73-ші орында
Ұлыбританияның Legatum Institute атты сараптау орталығы өз есебінде даму үдерісі бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл рейтингке сәйкес Қазақстан 73-ші, Қырғызстан 78-ші, ал Тәжікстан 101-ші орындарда орналасқан.
Өзбекстан мен Түркіменстанның жағдайы қажетті мәліметтердің болмауына байланысты зерттелмеген.
Зерттеу жұмысы бұл елдер тоғыз мәселе тұрғысынан, атап айтқанда экономикалық жағдайы, нарық белсенділігі, мемлекеттік басқару, еркіндік, әлеуметтік байлық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау бойынша қарастырылған.
Норвегия, Жаңа Зеландия, Финляндия, Швейцария, Дания елдері осы рейтингтің алғашқы бестігіне кірген. Бұл мемлекеттерде тұрақты даму көрсеткіші тіркелген.
Рейтингтің соңында кейбір Африка елдері мен Ауғанстан орналасқан.