Зангане ОПЕК келіссөздерінің нәтижелі болатындығына үміт білдірді
(last modified Fri, 07 Dec 2018 10:35:40 GMT )
Жел 07, 2018 16:35 Asia/Almaty
  • Зангане ОПЕК келіссөздерінің нәтижелі болатындығына үміт білдірді

ИИР Мұнай министрі Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымына (ОПЕК) мүше елдердің бейсенбі күнгі Венадағы отырысынан кейін келіссөздердің нәтижелі болатындығына үміт білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бижан Зангане тілшілерге берген сұхбатында Венадағы ОПЕК отырысының кеңістігін ауыр деп сипаттап, Иранның келіссөздердің нәтижесіне алаңдамайтынын айтты.

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымына (ОПЕК) мүше елдердің бейсенбі күні Венада өткен 175-ші отырысы 7 сағаттық сұхбаттан кейін жұмысын аяқтады. Келіссөздердің жалғасы жұма күнге қалдырылды.

Зангане келіссөздер басталар алдында ОПЕК-те мұнай өндіру деңгейін 3/1-ден 4/2 млн баррельге азайту мәселесі көтеріліп, талқыланатынын, бірақ Теһранның санкцияға жағдайында мұнай өндірісін азайту туралы ешбір келісімге қатыспайтынын айтқан болатын.  

 

Тегтер