Huawei компаниясының қамауға алынған директорының төлем кепілі кейінге қалдырылды
Жел 11, 2018 17:30 Asia/Almaty
Канада соты Huawei компаниясының қамауға алынған директорының төлем кепілін төлемін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.
Рейтерстің мәліметіне сәйкес, Канада сотының бұл шешімі Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоудың қамауда қалатынын білдіреді.
Huawei компаниясының директоры желтоқсанның бірі күні АҚШ-тың талабы және АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын бұзды деп айыпталып, Канадада қамауға алынды. АҚШ үкіметі оны Америкаға тапсыруды талап етті.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжіңдегі Канада елшісін шақыртып, Оттаваға Huawei компаниясының директорын Америкаға тапсырудың шынайы салдарлары туралы ескерту жасады.
Тегтер