Хекматиярдың сионистік режиммен жасырын қатынасы әшкереленді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40334-Хекматиярдың_сионистік_режиммен_жасырын_қатынасы_әшкереленді
Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі сионистік режимның тыңшылық ұйымы Моссадтың Ауғанстанның Ислам партиясының төрағасы Гүлбеддин Хекматиярмен жасырын қарым-қатынасын әшкереледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • Хекматиярдың сионистік режиммен жасырын қатынасы әшкереленді

Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі сионистік режимның тыңшылық ұйымы Моссадтың Ауғанстанның Ислам партиясының төрағасы Гүлбеддин Хекматиярмен жасырын қарым-қатынасын әшкереледі.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі: «Сионистік режим Кеңесі Одағы Ауғанстанға шабуыл жасаған кезеңнен бері Гүлбеддин Хекматиярмен терең байланыста болды. Содан кейінгі жылдары да қарым-қатынастарын сақтап қалды»,- деп хабарлады.

Бұл мәлімдеме Хекматияр мен Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі арасында бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін де сионистердің Хекматиярдың шиіттерге қарсы ұстанымы мен діни іріткі салу әрекеттеріне қаржылай және әскери қолдауларын жалғастырып отырғанын көрсетеді.

АҚШ Конгресінің бұрынғы мүшесі әрі сионистік режим қолдаушыларының бірі Чарли Вильсон Моссадтың жүздеген миллион доллары мен қаруын Ауғанстанның Ислам партиясына тапсыруында маңызды рөл атқарған адамдардың бірі болды.