Соңғы 8 айдың ішінде Иранның Пәкістанға экспорты артты
(last modified Tue, 11 Dec 2018 16:09:07 GMT )
Жел 11, 2018 22:09 Asia/Almaty
  • Соңғы 8 айдың ішінде Иранның Пәкістанға экспорты артты

Пәкістандағы Иранның сауда атташесі соңғы сегіз айдың ішіндегі Иранның Пәкістанға экспортының 860 миллион долларға жеткенін, сондықтан Пәкістан ирандық тауарлардың жетінші ірі нарығы саналатынын хабарлады.

Пәкістандағы Иранның сауда атташесі Махмұд Хаджи Юсефипур: "Биылғы жылдың соңғы сегіз айының ішінде Иранның Пәкістанға экспорты Иран мен Пәкістан арасындағы сауда теңгерімінде оң сальдо қалыптасып, Иран 665 миллион доллар көлемінде табыс көрді.

Пәкістанға әртүрлі өнеркәсіптік майлар, битум, құрма, шоколад, пісте, еден жабындары, цемент және түрлі өнеркәсіптік машиналар экспортталды",- деді.

Халық саны 200 миллионнан асатын Пәкістан азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы саналғанымен, құрылыс материалдары, сырлы кірпіш, керамика және цемент секілді Иран өнімдерінің экспорттық нарығы бола алады.

 

 

Тегтер