Ирандық шекарашыларды босату жөнінде Пәкістанмен келіссөздер жалғасуда
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми пәкістандық тараппен ирандық шекарашыларды босату жөніндегі келіссөздердің жалғасып жатқанын, бұл мәселеге байланысты пәкістандық басшылардың бірқатар уәде бергенін мәлімдеді.
Бахрам Ғасеми Иран мен Пәкістанның екі ел арасында қауіпсіз шекаралар құру үшін қажет ықыластың бар екендігін баса айтып: "Иран мен Пәкістан басшылары екі ел арасындағы шекараның бейбітшілік пен достық шекарасы екеніне кәміл сенеді. Сондықтан бейбітшілік шекарасын сақтап қалу қажет",- деді. Биыл қазанның он бесі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве шекара аймағында қызметте болған ирандық шекарашылар ұрланып, Пәкістан территориясына тасымалданған болатын. Қарашаның жиырма екісі күні солардың бесеуі ғана босатылды.